Жаңалықтар

Шүкіжанованың орнына Respublica партиясынан Мәжіліске кім барады

Шүкіжанованың орнына Respublica партиясынан Мәжіліске кім барады
Фото: Respublica партиясы 09.02.2024 12:38 319

Динара Шүкіжанованың орнына Respublica партиясынан Мәжіліс депутаты кім болатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Respublica партиясының елордалық кеңсесінде партияның Орталық кеңесінің 5-ші отырысы өтті. 2023 жылғы жұмыстың қорытындылары қаралып, алдағы жоспарлар белгіленді.

Respublica партиясы Орталық кеңесінің қаулысымен Айтуар Қошмамбетов ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты ретінде ұсынылды. Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жолданды.

Бұған дейін Айтуар Қошмамбетов Алматы қаласындағы партия филиалының төрағасы қызметін атқарған.

1986 жылы 29 қарашада дүниеге келген. Халықаралық құқық маманы (Қазақ ұлттық университеті. Әл-Фараби, бакалавриат), Құқықтану (Экономика және құқық Академиясы мамандығы бойынша, магистратура). Прокуратура органдарында жұмыс істеді, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасын басқарды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 24 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің Respublica партиясынан бұрынғы депутаты Динара Шүкіжанова өз бастамасымен депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын аяқтаған болатын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға