Жаңалықтар

Шұбаркөл көмірінен тыңайтқыш өндіріле бастады

Шұбаркөл көмірінен тыңайтқыш өндіріле бастады
Фото: ERG 28.05.2023 16:20 988
Қарағанды облысындағы Шұбаркөл кен орнында пайдалануға жарамсыз көмірден тыңайтқыш шығарыла бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  
 
Облыстық әкімдіктің мәліметі бойынша, бұрын аталған қалдық көмірдің барлығы пайдасыз күйде үйіліп жатқан  Тыңайтқыш шығару үшін "Батыс" разрезінде тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғы орнатылды. Сол бойынша бір ауысымда 1,5 тонна гуминді тыңайтқыш өндіріліп жатыр. Оған дейін ғалымдармен бірлесуінің нәтижесін көптеген жұмыстар атқарылған. 
 
Өнімді өнеркәсіптік ауқымда өндіру және оны Қазақстан нарығында өткізу үшін барлық қажетті құжаттар рәсімделген. 
Бұл өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату жөніндегі маңызды экологиялық жоба, өйткені бұрын тозған көмір үйінділер ретінде жинақталған болатын. Гуминді тыңайтқыштар табиғи органикалық заттар – гуматтардан тұратын препараттар. Оларды барлық дерлік дақылдарды өсіруде қолдануға болады. Олар дақылдардың қалыптасуына, өсуіне және нығаюына оң әсер етеді", – дейді "Шұбаркөл Көмір" АҚ ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының менеджері Елена Мартынова.
Алдағы уақытта аталған өнімдер ауыл шаруашылығында сұраныс артады деп болжанып отыр. Кәсіпорын да көктемгі ағаш отырғызу кезінде өзінің жаңа өнімдерін пайдаланды. Компания Нұра ауданы Шұбаркөл ауылын және Қарағанды облысының басқа да елді мекендерін көгалдандыруға көмектеседі.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға