Жаңалықтар

ШҚО тұрғынынан марихуана тәркіленді

ШҚО тұрғынынан марихуана тәркіленді
Фото: polisia.kz 29.09.2023 14:13 445

ШҚО тұрғынынан марихуана тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО ПД полицейлері жедел-профилактикалық іс-шара барысында Шемонаиха ауданының 59 жастағы тұрғынын ұстады, одан өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Сараптама нәтижесі бойынша, бұл салмағы 986 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі заты екенін көрсетті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға