Жаңалықтар

ШҚО тұрғыны жеңіл автокөлікпен жылқы тасымалдаған

ШҚО тұрғыны жеңіл автокөлікпен жылқы тасымалдаған
Фото: Видеодан алынған кадр 30.11.2023 07:34 516

ШҚО-да жеңіл көлікпен жылқы тасымалдаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп бұзушы «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.

Полиция қызметкерлері патрульдеу барысында тексеру үшін 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы көлікті тоқтатқан.

Автокөлікті тексеру кезінде артқы орындықта ер адамның тиісті құжаттарсыз, сондай-ақ тасымалдау ережелерін бұза отырып, тірі жылқыны алып бара жатқанын анықтаған, - делінген мәліметте.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Заңды шешім қабылдау үшін жиналған материал Тарбағатай аудандық ветеринарлық-аумақтық инспекциясына жолданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға