Жаңалықтар

ШҚО тұрғыны 7 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған

ШҚО тұрғыны 7 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған
Фото: © Polisia.kz 12.09.2023 10:14 430

ШҚО тұрғыны құны 50 миллион теңгені құрайтын 7 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі. 

ҚР ІІМ мәліметінше, полиция қызметкерлері Омбы-Майқапшағай тас жолынын патрульдеу барысында облыс орталығының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы КамАЗ-ды тоқтатқан.

Көлікті тексеру кезінде ер адамның балық толтырылған 280-ден астам полиэтилен пакеттерін тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны белгілі болды. Жүргізушінің айтуынша, ол жүкті Өскеменге облыстағы ауылдардың бірінен тасымалдаған.

Күдіктінің салмағы 7 тоннадан асатын көксерке балықтарын қаптарға салып тасымалдағаны анықталды. Келтірілген шығын 50 миллион теңгеден астам. ҚР ҚК-нің 335-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға