Жаңалықтар

ШҚО тасжолында төрт адам көз жұмды

ШҚО тасжолында төрт адам көз жұмды
Фото: instagram.com/eastkazpolice 03.01.2024 11:51 883

Қайғылы оқиға 2 қаңтарда сағат 22:20 шамасында «Өскемен-Шемонаиха» автожолының 8-шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО ТЖД мәліметінше, Глубокое ауданының Уварово ауылы маңында «Toyota Corona Premio» және «Toyota Vista» маркалы екі автокөлік соқтығысқан. Салдарынан төрт адам, оның ішінде кәмелет жасына толмаған екі жасөспірім қаза тапқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - делінген мәліметте.

Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларын белгіленген ережелерді қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, маневр жасамауға, сондай-ақ жол және ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шығыс Сақшылары (@eastkazpolice)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға