Жаңалықтар

ШҚО өндіріс жұмысында бір адам қайтыс болды

ШҚО өндіріс жұмысында бір адам қайтыс болды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 03.03.2024 22:51 371

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы тау-кен кәсіпорнында жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ШҚО әкімдігі таратқан ақпарат бойынша, Маралды ауылындағы тау-кен кәсіпорнында жазатайым оқиға тіркелді. Қауіпсіздік техникасының сақталмауы салдарынан «Мырзатаев» ЖК-ның краншысы көз жұмған. Оқиға орнына прокурор, полиция, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары барып, тексеру жұмыстарын бастады.

Алдын ала мәліметтер бойынша кран батып қалып, жұмысшы бульдозер жүргізушісінен оны сүйреп шығаруды сұрады. Бірақ қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан бульдозер сырғып кетіп, краншы екі техниканың арасында қалып қойды. Алған жарақаттардан ол сол жерде мерт болды, - деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта.

Қайғылы оқиға болған кәсіпорында еңбек заңнамасы мен еңбекті қорғау нормаларының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілетіні хабарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға