Жаңалықтар

ШҚО-дағы зауыт өрттен қаза тапқандардың отбасына 1 млн теңгеден береді

ШҚО-дағы зауыт өрттен қаза тапқандардың отбасына 1 млн теңгеден береді
Фото: Ақорда 12.06.2023 22:43 450

Шығыс Қазақстандағы «Казцинк» ЖШС зауыты Абай облысындағы алапат орман өртінен қаза тапқандардың отбасына 1 млн теңгеден береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысындағы алапат өрттен көз жұмған 14 орманшының отбасына «Казцинк» ЖШС материалдық көмек көрсетеді. Әр жанұяға 1 млн теңгеден берілмек.

Абай облысындағы өрт ұлттық трагедияға айналды. Шығыс Қазақстаннан бөлініп шыққанға дейін бұл өңірдің кеншілері мен металлургтері бізбен бірлесе жұмыс істеп, түрлі жобаларды жүзеге асырды. Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға көмектесу – компаниямыз үшін өте маңызды міндет. Қызметтік борышын өтеуде нағыз ерлік көрсетіп қаза болған орман шаруашылығының қызметкерлерін бүкіл ел аза тұтуда. Біз олардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсеткіміз келеді. Сол үшін осындай шешімге келдік, - дейді бас директоры Александр Хмелев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға