Жаңалықтар

ШҚО-дағы мұздақ көлдерге аэровизуалды зерттеу жүргізілді

ШҚО-дағы мұздақ көлдерге аэровизуалды зерттеу жүргізілді
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі 20.06.2024 23:16 388

Қазселденқорғау мамандары «Қазавиақұтқару» тікұшағымен Бұқтырма, Берел өзендері бассейндерінің, Сарымсақты өзені бассейнінің Листвяга жотасы ауданын тікұшақпен аралады. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жыл сайын қауіпсіздік мақсатында сел қаупі бар жағдайды бақылау үшін көлдердегі мұз әлі ерімеген сәттен бастап және олар толық ерігенге дейін зерттеулер жүргізіледі. Осы ұшу нәтижелері бойынша мұздақ көлдердің көпшілігінің бетінде әлі де биіктігі 0,5-тен 1,5 метрге дейін қысқы қар бар екендігі анықталды. Көлдердің көпшілігінде бассейндердің біртіндеп толтырылуы байқалады. Мұздықтардың қарқынды еру белгілері анықталған жоқ. Ауа температурасы көтерілген кезде өзендердегі су шығыны едәуір артуы мүмкін, - деп атап өтті «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.

Шығыс Қазақстан облысының тауларында 144 мұздақ көл қалыптасады. Ең көп мұздақ көлдер Зайсан, Катонқарағай аудандарында және Риддер қаласында қалыптасады. Бүгінгі таңда облыс бойынша жалпы жағдай тұрақты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға