Жаңалықтар

ШҚО-да жылу қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болды

ШҚО-да жылу қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болды
Фото: ТЖД баспасөз қызметі 15.10.2023 23:32 530

Зайсан қаласындағы қоғамдық моншада жылу қазандығы жарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 14 қазанда болған.

Бір қабатты қоғамдық монша ғимаратында қатты отынмен жылытылатын жылу қазандығы жарылып, салдарынан бір адам қайтыс болды. Болжам бойынша көз жұмған адам - моншаның иесі, - дейді ведомстводағылар.

Жедел жәрдем қызметкерлері 1984 және 1991 жылы туған ер адамдарды медициналық мекемеге жеткізді.

Құтқарушылардың айтуынша, абырой болғанда жарылыс кезінде моншада келушілер болмаған.

Төтенше жағдай қызметкерлері жартылай құлаған ғимаратты бөлшектеп, тазалады. Барлық қызметтер, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды, - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға