Жаңалықтар

ШҚО-да жолда қалған жолаушылар құтқарылды

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз
ШҚО-да жолда қалған жолаушылар құтқарылды
Фото: ҚР ТЖД 22.01.2023 15:35 879

22 қаңтарда сағат 05:40-та Зайсан ауданындағы Қаратал ауылынан 25 шақырым жерде екі көлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жолаушыларға жол талғамайтын техникамен көмекке келген 25-ӨСБ құтқарушылары Дайыр ауылына 4 адам, Зайсан қаласына 3 адамды аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет емес еді.

ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шаралары туралы еске салады.  Егер көлік қысқы жолға жабдықталмаған болса, қараңғы түскенде жолға шықпаңыз.  Егер шығу қажет болса, тамақ, ыстық сусындар мен жылы киімдерді, зарядталған ұялы телефонды алып жүруді ұмытпаңыз.  Автокөлік ауа-райына сәйкес жабдықталуы керек. Бұл тек қысқы резеңкені ғана емес, сонымен қатар жүксалғышта күрек, кабель, фонарь, алғашқы көмек жинағын алып жүруді білдіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға