Жаңалықтар

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан үш адам қайтыс болды

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан үш адам қайтыс болды
Фото: ШҚО Полиция департаменті 10.04.2024 23:21 598

10 сәуір күні сағат 19:00 шамасында Ұлан ауданының Өскемен-Самар автожолының 25-шақырымында Lada Largus және Lada Granta маркалы екі автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, апаттан екі адам оқиға орнында көз жұмып, үшеуі медициналық мекемеге жатқызылды. Сағат 22:00-де ауруханаға жатқызылғандардың бірі қайтыс болғаны анықталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот сараптамалары тағайындалды, - делінген мәліметте.

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін, маневр жасауды қатаң сақтау және метеорологиялық жағдайларды ескеру қажеттігі туралы ескертеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шығыс Сақшылары (@eastkazpolice)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға