Жаңалықтар

ШҚО-да жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде

ШҚО-да жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде
Фото: t.me/ortcom_kz 23.04.2024 14:39 325

ШҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталуына байланысты бақылау күшейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ өкілі Арман Наурызбаевтың айтуынша, қазір өңірде мобильді топтар жұмыс істеп жатыр.

Орта таулы аймақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты су тасқынының екінші толқыны басталды. Қазіргі уақытта облыстың солтүстік аудандары ерекше бақылауда. Қауіп бар аудандардың маңында мобильді топтар жұмыс істеп жатыр, - деді ШҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Арман Наурызбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, өзендердің түбін тереңдету, бөгеттер салу, қапшықтар төсеу жұмыстары жүргізілуде. 24-25 сәуірде өңірде ауа райы жылынады деп күтілуде. Су тасқыны жағдайын уақтылы бағалау үшін аэровизуалдық тексерулер жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға