Жаңалықтар

ШҚО-да заңсыз аң аулаған адам ұсталды

ШҚО-да заңсыз аң аулаған адам ұсталды
Фото: ҚР ІІМ 09.11.2023 10:37 434

ШҚО-да заңсыз аң аулау фактісі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, Самар ауылының шыға берісін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Nissan автокөлігін тоқтатқан.

49 жастағы азаматтың көлігінің салонын тексеру кезінде тәртіп сақшылары жабайы жануардың, болжам бойынша еліктің өлі денесін байқаған. Табиғатқа келтірілген залал 1 миллион теңгеден асты, - делінген мәліметте.

ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жалғасуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға