Жаңалықтар

ШҚО-да вакцинадан бас тартқандар 3 есе артты

ШҚО-да вакцинадан бас тартқандар 3 есе артты
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 14.06.2023 10:45 620

Шығыс Қазақстан облысында биыл вакцинадан бас тартқандар 3 есе арттты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңір аумағында екпеден бас тартудың 78 фактісі тіркелді. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 3 есе көп.

Осының салдарынан түрлі аурулардың таралуына жол берілуі мүмкін. Сондықтан халықты екпе салдырудан бас тартпауға шақырамыз. Жалпы биыл облыста 1 жасқа дейінгі нәрестелердің 97,6 пайызы БЦЖ, 96,7 пайызы В вирустық гепатитіне қарсы екпе алды. Бірден асқан балалардың 39%-ы пневмококк инфекциясына, 40,9%-ы қызылша, қызамық, эпидемиялық паротитке қарсы вакцина салдырған. Сондай-ақ дифтерия мен сіреспеге қарсы 6066 адам вакцинацияланды, - дейді департамент басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

Оның айтуынша, биыл А-2 вирусты гепатитіне қарсы 1681 бала, кене энцефалитіне қарсы 6874 адам екпе салдырған. Жалпы вакцинациялау шаралары облыстың 25 емханасында жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға