Жаңалықтар

ШҚО-да үш адам ыстан уланды

ШҚО-да үш адам ыстан уланды
Фото: © Pixabay.com 24.02.2024 15:12 417

Ұлан ауданының үш тұрғыны пештің тазаланбаған мұржасы себебінен ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы Гагарино ауылындағы тұрғын үйде уақтылы тазаланбаған мұржасы бар пештің жағылуына байланысты улы газ бөлмелерге таралып, адамдардың улануына әкелді.

Екі ер адам мен әйел ауруханаға жатқызылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға