ШҚО-да түтінге оранған үйден ер адам құтқарылды

 Видеодан алынған кадр / t.me/POLICE_of_KZ
Фото: Видеодан алынған кадр / t.me/POLICE_of_KZ

ШҚО-да полиция қызметкері түтінге оранған үйден ер адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, демалыс күндері Алтай қаласының полиция қызметкері Олжас Серікқанов отбасымен қыдырып жүріп, көпқабатты көрші үйдің терезелерінің бірінен қалың түтін шыққанын байқаған.

Терезеге жақындап, торды ашып, пәтерде ұйықтап жатқан ер адамның бар екенін көріп, шығуға көмектескен.

Оқи отырыңыз:

Үй иесі пештің үстіне тамақ салынған табаны қойып, қатты ұйықтап кеткен.

Олжас Серікқанов Алтай ауданы ПБ УҰИ бастығының орынбасары қызметін атқарады.

Ішкі істер органдарында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз