Жаңалықтар

ШҚО-да су тасқыны қаупі бар аумақтарға мониторинг жүргізілуде

ШҚО-да су тасқыны қаупі бар аумақтарға мониторинг жүргізілуде
Фото: ҚР ТЖМ 22.04.2024 09:10 277

Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі бар учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірге барған ҚР ТЖМ ТЖ жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин Риддер қаласына, Зайсан және Шемонаиха аудандарына барды.

ТЖМ мәліметінше, ол өзендер мен бұлақтар бойындағы үйінді бөгеттерді қарап, жағдайдың күрделенуі жағдайында күштер мен құралдардың дайындығын зерттеді, жергілікті атқарушы органдар жүргізетін алдын алу іс-шараларының барысымен танысты.

Аймақта өзендерде су тасқыны кезеңі байқалады. Өзендердегі су деңгейі бүгінгі күнге дейін маңызды белгілерден аспайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға