ТЖМ құтқарушылары ШҚО-да сел қаупі бар кезеңнің басталғаны туралы ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, өңірде Катонқарағай және Зайсан аудандарында, Риддер қаласында және Алтай ауданында орналасқан 13 сел қаупі бар ошақтар, 144 мореналық көл және сырғыма қаупі бар 9 учаске бар.
Елді мекендерге қауіп төндірмеу үшін ҚР ТЖМ Қазселденқорғау мамандары көлдердің жай-күйін, олардың толымдылығын және сел мен сырғыма ағындарын қалыптастыруға ықпал ететін факторларды 9 маусымдық гидропост және жыл бойы жұмыс істейтін 1 гидропост арқылы бақылауда ұстайды, - делінген мәліметте.
Ведомство өңірдегі сырғыма шекараларының орналасқан жерлерімен серуенге дейін алдын ала танысуға кеңес береді.
Бөлісу:
