Жаңалықтар

ШҚО-да құтқарушылар балалардың терезеден құлауының алдын алу үшін акция өткізді

ШҚО-да құтқарушылар балалардың терезеден құлауының алдын алу үшін акция өткізді
Фото: ТЖД баспасөз қызметі 15.05.2023 10:45 410

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары балалардың терезеден құлауының алдын алу үшін арнайы акция өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіншн, көктем уақытында балалар терезеден құлап кететін оқыс оқиғалар жиі орын алады. Осы мәселенің алдын алу үшін ТЖД құтқарушылары «Тоқта, балақай!» атты арнайы акция өткізді. Акция аясында жоғары қабаттағы үйлерде тұратын көпбалалы отбасылардың терезесіне қорғаныс құрылғылары орнатылды.

Әл Фараби көшесінде орналасқан 9-қабаттағы пәтерде тұратын отбасы 6 бала тәрбиелеп отыр. Үйдің терезелеріне біз орнатқан арнайы құлыптар жазатайым оқиғадан қорғайды, - дейді Өскемен қалалық ТЖБ аға офицері Аслан Қапаев.

ШҚО-да құтқарушылар балалардың терезеден құлауының алдын алу үшін акция өткізді

Облыстық ТЖД психологы Светлана Андрусенконың айтуынша, қайғылы оқиғалардың басты себебі - балаларды қараусыз қалдыру, терезелерде қорғаныс құрылғыларының болмауы және ата - аналардың өздерінің балаларды терезеден далаға қарауға үйретуі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға