ШҚО-да құрамында 3,5 тоннадан астам спирт бар ерітінді тәркіленді

 t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

ШҚО полицейлері құрамында 3,5 тоннадан астам спирт бар ерітінді тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 26 маусым Өскемен қаласында полиция қызметкерлері облыс орталығының 41 жастағы тұрғынының басқаруымен Hyundai микроавтобусын тоқтатты.

Автокөлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары тиісті құжаттарсыз құрамында спирті бар сұйықтықпен толтырылған 739 пластикалық бөтелкені тапқан.

Тәркіленген заттарды әрі қарай тексеру үшін сараптамаға жолданды.

Оқи отырыңыз