ШҚО полицейлері көшкін салдарынан жолда қалып қойған көліктер колоннасын алып жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қар үйіндісі Өскемен-Алтай автожолындағы көлік қозғалысын 2 сағаттан астам уақытқа бөгеді. Автожолдың 63-ші шақырымында таудан қар көшкіні түскені туралы хабарлама алғаннан кейін, взвод командирі Шахмұрат Ержанов жол қозғалысының шектелуіне байланысты көліктер жинала бастаған жерге қарай бет алды.
Тәртіп сақшысы мүмкіндігінше жолды босатуға тырысып, басқа автокөлік жүргізушілерімен бірге жолды тазартуға кірісті. Жол аздап тазартылып кеңейтілген соң, полиция капитаны Ержанов өзінің патрульдік көлігімен 30-дан астам көлікке ілесіп жүріп, оларды қауіпсіз жерге дейін жеткізді, ары қарай жүргізушілер өз бағыттары бойынша жол тартты.
ШҚО-да қар құрсауында қалған көліктерді полиция қауіпсіз жерге бастап барды
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді