Жаңалықтар

ШҚО-да қар көшкіні жүрді

ШҚО-да қар көшкіні жүрді
Фото: ШҚО ТЖД 08.03.2023 16:12 966

ШҚО-да қар көшкіні жүрді. Жолшылар учаскені тазартып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

Ұлттық оператордың хабарлауынша, 8 наурыз күні сағат 13.00 шамасында республикалық маңыздағы «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 62 шақырымында қар көшкіні өздігінен түсті. Қар көшкінінің параметрлері: ұзындығы - 4 м, ені-3 м, биіктігі – 1 м.

«Зардап шеккендер жоқ. Республикалық күре жол ашық. Учаскеде қозғалыс бір жолақ бойымен ұйымдастырылды»,-делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға