Жаңалықтар

ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты жабылған жол қайта ашылды

ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты жабылған жол қайта ашылды
Фото: El.kz 22.02.2023 09:12 1426

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты жабылған жол қайта ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкіні қаупіне байланысты жабылған жол қайта ашылды.

«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай- Рахман қайнарлары» тасжолының 6-166 шақырымында (Ушанов ауылы мен Алтай қаласының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа рұқсат етілді», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тасжолдардың бірі жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға