Жаңалықтар

ШҚО-да полицейлер 23 жастағы тұрғыннан газды тапанша тәркіледі

ШҚО-да полицейлер 23 жастағы тұрғыннан газды тапанша тәркіледі
Фото: © Polisia.kz 04.08.2023 11:16 706

Зайсан тұрғынынан газды тапанша тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шілде айының соңында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Зайсан қаласының Спамбетов көшесінде 23 жастағы тұрғынды ұстаған. Оны жеке тінту барысында тапанша және оған арналған үш патрон тәркіленді.

Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген тапанша 1998 жылы шығарылған 8 мм калибрлі ИЖ—79-8 өзін-өзі қорғауға сондай-ақ, маркалы дыбыстық сигнал беруге арналған газды тапанша екендігі, атыс қаруы еместігі белгілі болды.

Ер адам тапаншаны Марқакөл ауылындағы автожолдың бойынан тауып алып, жеке пайдалану үшін қалдырғанын айтты.

Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Осы бап оның негізгі құрамдас бөліктерін тәркілей отырып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге әкеп соғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға