Жаңалықтар

ШҚО-да кәсіпкерлерге негізсіз айыппұл салынған

ШҚО-да кәсіпкерлерге негізсіз айыппұл салынған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 08.09.2023 17:05 702

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәсіпкерлерді жауаптылық мерзімі өткен құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартудың жүйелі фактілерін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер органдары бизнес субъектісін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымның жоқтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Алайда құқықбұзушылық жасалған сәттен бастап және фактінің анықталуына дейін 2 жылдан астам уақыт өткен.

ӘҚБтК-нің 62-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам құқықбұзушылық жасалған кезден бастап 2 ай өткен соң әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды. Осы жағдайларды ескеріп, Өскемен қаласының прокуратурасы мемлекеттік кіріс органының қаулысына наразылық енгізген. Наразылық қанағаттандырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді. Сондай-ақ кәсіпкерлерге қатысты тағы 56 заңсыз әкімшілік іс анықталды. Оларға да наразылық енгізілген. Бүгінде 19 наразылық қанағаттандырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға