Жаңалықтар

ШҚО-да элеватордағы өрт сөндірілді

ШҚО-да элеватордағы өрт сөндірілді
Фото: ҚР ТЖМ 08.03.2024 13:00 448

ШҚО-да астық сақталатын элеваторда болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, өрт сағат 12:30-да сөндірілді.

Кептіргіште шамамен 10 тонна астық болған.

Өрттің ауданы 120 шаршы метр.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 90-ға жуық адам, 12 бірліктен астам техника, ҚТЖ 1 өрт сөндіру пойызы, ТЖД  және «Васкен» ЖШС қатысты, - делінген мәліметте.

Өрттің алдын ала себептері: ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау және технологиялық процесті бұзу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға