Жаңалықтар

ШҚО-да бір ай ішінде жер үйлердегі пеш ақауынан 8 өрт шықты

ШҚО-да бір ай ішінде жер үйлердегі пеш ақауынан 8 өрт шықты
29.10.2023 18:52 424

Шығыс Қазақстан облысында осы айдың басынан бері жер үйлердегі пеш ақауынан 8 өрт шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар жер үйлерді аралау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 20 000-ға жуық фактісін анықтады.

«Жылыту маусымы басталғалы пештен өрт шығу және халықтың көміртегі тотығымен улану жағдайлары көбейеді. Қазан айында Шығыс Қазақстанда жер үйлерде барлығы 36 өрт болып, 2 адам көз жұмды. Соның ішінде пештегі ақау салдарынан 8 өрт шыққан», - делінген ақпаратта.

ТЖД қызметкерлері күздің басынан бері өңір бойынша барлығы 68 461 жеке тұрғын үйді аралады. Нәтижесінде, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 19 236 фактісі анықталды. Оның ішінде пешке қатысты – 8507, электр желілері мен жабдықтар бойынша – 7434.

"Қазіргі уақытта әлеуметтік осал санаттағы отбасылар тұратын пешпен жылытылатын үйлерді аралаудың екінші кезеңі жүргізілуде. 3 574 үйдің 820-сы тексерілді. 137 үйде анықталған бұзушылықтар әлі жойылған жоқ, бірақ 636 үйдің иелері олқылықтардың орнын толықтырған"  делінген хабарламада. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға