Жаңалықтар

ШҚО-да арнаулы қызмет көрсету орталықтарының ішкі жұмысын автоматтандыру бойынша пилоттық жоба басталады

ШҚО-да арнаулы қызмет көрсету орталықтарының ішкі жұмысын автоматтандыру бойынша пилоттық жоба басталады
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі 11.11.2023 05:22 569

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметін трансформациялау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ШҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Бірлескен жұмыс аясында АӘҚКО-да ішкі процестерді автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру көзделеді. Цифрлық технологияларды қолдану тиімділік пен ашықтықты жақсартуға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, Шығыс Қазақстан облысы жоғарыда аталған пилоттық жоба іске асырылатын екінші өңір болды. Оған 2100-ден астам арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларды (бұдан әрі – АӘҚ) қамтитын 10 АӘҚКО тартылатын болады.

Пилоттық жоба АӘҚКО қызметінің барлық процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін арнайы ақпараттық жүйені пайдалану арқылы іске асырылады, атап айтқанда: арнаулы медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсету, оңалтудың жеке бағдарламаларын жүргізу, орталықтарды бюджет және күтіп ұстау, қойма қорларын есепке алу, персоналды жұмыспен қамту мәселелері және т. б.

Пилоттық жобаны іске қосу шеңберінде ШҚО-да АӘҚКО қызметкерлерін ақпараттық жүйемен жұмыс істеуге оқыту ұйымдастырылатын болады.

Цифрлық технологияларды қолдану әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы барлық рәсімдердің, стандарттар мен талаптардың орындалуын автоматты түрде қадағалауға және құжаттауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде заңнаманы қатаң сақтауға және жұмыста ашықтықты арттыруға ықпал етеді. Алдағы уақытта жобаны басқа өңірлерге де масштабтау жоспарлануда, – деді Светлана Жақыпова.

Бұдан басқа, көрсетілетін АӘҚ сапасын арттыру, есептеулерге бірыңғай тәсілді пысықтау және бірыңғай стандарттар мен анықтамалықтарды қолдана отырып, деректерді біріздендіру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұлтты 1С бухгалтериясынан Бірыңғай есепке алу жүйесіне көшуді жоспарлауда.

Жүйе 1С бухгалтерлік есепті толыққанды жүргізуге және ай сайынғы статистикалық есептерді автоматты режимде қалыптастыруға, сондай-ақ 2024 жылы Бірыңғай тарифтеушіге сәйкес жан басына шаққандағы қаржыландыру моделіне көшу шеңберінде орындалған жұмыстардың актілерін ресімдеуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін хабарланғандай, осындай пилоттық жоба биыл қыркүйек айынан бастап Қарағанды облысында 2 250 адамды қамти отырып, стационарлық үлгідегі 10 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында іске асырылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға