Жаңалықтар

ШҚО-да Абай ескерткішін бүлдірген баланың ата-анасына 15 АЕК айыппұл салынды

ШҚО-да Абай ескерткішін бүлдірген баланың ата-анасына 15 АЕК айыппұл салынды
Фото: © Polisia.kz 16.07.2023 11:12 437

ШҚО-да Абай ескерткішін бүлдірген жасөспірімнің заңды өкілдеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған шешім «кәмелетке толмағандар вандализмі» бабы бойынша әкімшілік іс аясында қабылданған. YK-news.kz-тің жазуынша, 10 шілдеде полицияға Абай ескерткішіне белгісіз біреу сурет салып кеткені хабарланған. Қаскүнем видеобақылау камералары арқылы анықталып отыр. 

2 шілде күндіз кәмелетке толмаған үш жасөспірім ескерткішке велосипедпен келген. Олардың бірі ескеркішке жазу жазып кетті,- деп пікір білдірді ШҚО ПД-нің баспасөз қызметіндегілер. 

Кейін ескерткішті бүлдірген күдікті адам табылып, сотқа «кәмелетке толмағандар вандализмі» 448-бабы бойынша әкімшілік іс беріліп отыр. Бұл дерек сотта 13 шілде күні қаралды.

Қарастырылған бап бойынша жасөспірімдердің ата-анасына 15 АЕК немесе 51750 теңге айыппұл салынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға