ШҚО-да 618 мың гектарға дейін егіс алқабы ұлғайтылды
13.05.2025 13:00
529

Фото: Pixabay.com
Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында егіс алқабы 618 мың гектарға дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы өткен жылғымен салыстырғанда 10,8 мың гектарға ұлғайтылып, 618,1 мың гектарды құрайды. Оның ішінде: 252,6 мың гектары дәнді және бұршақ дақылдары, 224,5 мың гектары майлы дақылдарды алады, – деді өңір әкімі.
Қазіргі уақытта 207,5 мың га (жоспардың 33%) егілді, оның 111,0 мың га (44%) дәнді дақылдар, ал 96,5 мың га (43%) майлы дақылдар.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда жазда ауа райы қандай болады