Жаңалықтар

ШҚО-да 200 келіге жуық балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды

ШҚО-да 200 келіге жуық балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды
Фото: © Pixabay.com 05.05.2023 09:47 646

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында 200 келіге жуық балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметіне сүйенсек, рейд барысында заңсыз балық аулағандар ұсталды.

«Инспекция қызметкерлері, табиғат қорғау полицейлері, «Охотзоопром» және «Төретоғам» ЖШС өкілдері бірлесіп, Бұқтырма су қоймасының учаскелерінде кезекті рейд жүргізді. Соның барысында «Крынкина» учаскесінде «ВАЗ» автокөлігі тоқтатылды. Көкпекті ауданының тұрғыны тізгіндеген көліктен 185 келіден астам балық пен қайық моторы табылды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, дәл осы учаскеде тағы бір браконьер қолға түсті. Одан ондаған келі ақтабан, мөңке және шортан балығы табылды.

Қазіргі уақытта екі ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 335-бабы 3-бөлігімен (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау, алу) қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға