Жаңалықтар

ШҚО-да 20 тонна астық салынған элеватор өртеніп жатыр

ШҚО-да 20 тонна астық салынған элеватор өртеніп жатыр
Фото: Видеодан алынған кадр 08.03.2024 11:16 506

ШҚО Глубокое ауданының Предгорное ауылындағы элеватордың кептіру бөлімінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, кептіргіште шамамен 20 тонна астық бар.

Өрттің алдын ала ауданы 250 шаршы метр. Жедел түрде ауданның күштері мен құралдары өрт орнына жөнелтілді.

ТЖД 50 адам мен 10-ға жуық техника және Васкен ЖШС 6 адам мен 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт орнына қосымша өрт сөндіру пойызы шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға