Жаңалықтар

ШҚО әкімі: Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына 42 жоба енді

ШҚО әкімі: Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына 42 жоба енді
Фото: © ОКҚ 30.11.2023 13:07 393

Шығыс Қазақстан облысында инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына қаржыландыру көлемі 1,1 триллион теңге болатын 42 жоба кірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев биыл 77 миллиард теңгеге 8 жоба іске асырылып жатқанын айтады.

Оның ішінде Өскемен құс фабрикасында бройлер өндірісі және май экстракция зауытының құрылысы бар. Сонымен қатар ірі нысандардың құрылысы жоспарлануда, - деді әкім.

Ермек Беделбайұлының сөзінше, инвестициялардың басым көлемі полиметалл кен орындарын игеруге бағытталған.

2030 жылға қарай Малеевское сияқты ірі қала құраушы кен орындары игерілетін болады. Олар аймақ экономикасына зор ықпалын тигізеді. Жаңа Лениногор, Долинное, Чекмар жаңа кен орындарын іске қосу 2035-2040 жылдарға дейін кен өндіруге мүмкіндік береді. Күршім ауданы Маралды ауылында алтын өндіру фабрикасын салу жобасы заң шеңберінде іске асырылатын болады, - деді Ермек Көшербаев.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға