Шорт-тректен әлемдік тур: екінші кезеңде ел намысын кімдер қорғайды?

Шорт-тректен әлемдік тур: екінші кезеңде ел намысын кімдер қорғайды?
Фото: ҰОК

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы шорт-тректен Канаданың Монреаль қаласында өтетін әлемдік турдың екінші кезеңін бастайды. Команда сапында 12 спортшы өнер көрсетеді. 

Канадада өтетін бәсекеде әйелдер құрамасы сапында Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Полина Омельчук, Малика Ермек, Гүлдана Жалмұхан бар. Ал ерлер қатарында Глеб Ивченко, Айбек Насен, Айбек Темірхан, Мақсат Уалилла, Богдан Вехов, Тамирлан Жолдас мұзға шығады. 

Тартысты жарыс  30 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. 30-дан астам елден 200-ден аса атлет бақ сынап жатыр. 

Мореальдағы әлемдік турдың екінші кезеңінде басты фаворит ретінде Нидерланды пен Канада спортшыларын атаймыз. Соның ішінде Нидерланды атлеті Йенс ван'т Ваунт Ванкуверде 500,1000 және 1500 метр қашықтықта алтын жүлде еншіледі. Канадалық Стивен Дюбуа мен италиян Томас Надалини де барын салып жатыр. 

фото: ҰОК
фото: ҰОК

Ванкувердегі бірінші кезең

Ал азақстандық шорт-трекшілер арасынан әлемдік турдың алғашқы кезеңінде Богдан Вехов  төртінші орынға тұрақтады. Бұл жарыс 23-25 қазан аралығында Канаданың Ванкувер қаласында өтті. Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жариялаған тізіміне сәйкес, бұл жарыста Қазақстан атынан 12 спортшы өнер көрсетті. Олардың алтауы – ерлер, алтауы – әйелдер.

1500 метр қашықтықтағы финалда отандасымыз Богдан Вехов 2:20.393 нәтиже көрсетті. Қола жүлдегер, жапониялық Сёго Миятадан 0,205 секундқа қалып қойды. 

Оқи отырыңыз