Жаңалықтар

Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов ширек финалға шыға алмады

Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов ширек финалға шыға алмады
05.02.2022 19:45 985

Олимпиада ойындарында қазақстандық шорт-трекші Әділ Ғалиахметов 1000 метр қашықта жарыс жолын аяқтады. Ол 1:24:855 уақыт нәтижесімен өз тобында үшінші орын алып, келесі кезеңге өте алмады, деп хабарлады 24.kz.

Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың қатысуымен шорт-тректен жарыс басталды. 

Қазақстаннан алғашқы болып 1000 метр қашықта сынға түскен Әділ Ғалиахметов аталған қашықтықты 1:24:855 уақытта бағындырып, өз тобында үшінші орынға ие болды. 

Бұл көрсеткіш ширек финалға шығуға жеткіліксіз болды. Енді шамалы уақыттан кейін шорт-тректен аралас эстафетадан жарыстар басталады. 

Онда Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова қатарлы спортшылар мұз айдынға шығады.

baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға