Жаңалықтар

Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев сайлауға қатысты ойын білдірді

Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев сайлауға қатысты ойын білдірді
Фото: ҚР ҰОК 20.03.2023 16:17 698

Шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Абзал Әжіғалиев елімізде өткен сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттық сайлауға алғаш рет қатысып отырмын. Әр азамат өз елінде болып жатқан өзгерістерге, маңызды шараларға атсалысуы керек. Сондықтан мен де өз дауысымды №343 сайлау учаскесіне барып бердім. Сайлау нәтижесін ел болып күтудеміз. Өзім спорт саласының маманы болғандықтан спорт саласында жаңалық көп болады деп үміттенемін. Билікке спорттан хабары бар, ішкі мәселелерді жақсы білетін азаматтар келгені дұрыс. Кандидаттардың арасында спортшылар да қатысып жатқаны қуантады. Үміткерлер тізімінен Дәулет Тұрлыханов сынды ағаларымызды көргенде қуанып қалдым. Жаңа Қазақстан деп ұрандағандай, расымен бір жаңа өзгеріс пен халыққа жани ашитын азаматтарымызды күтеміз, - деді спортшы.

Сонымен қатар, сайлау барысында түрлі іс-әрекеттерге барған азаматтардың ісін сыңады.

Әлеуметтік желіде сайлау учаскелерінде түрлі іс-әрекеттерге барған азаматтарды көріп жатырмыз. Біреу қағазын шимайлап кетіпті, енді бірі қоғамдық орында мәдениет сақтамаған және бюллетендерді лақтырып жатқандарын көрдік. Дегенмен, әлі де болса сайлау қорытындылары әділ болатынынан үміттенеміз, - деді Абзал Әжіғалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға