Жаңалықтар

Шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі 11,3% өсті

Шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі 11,3% өсті
Фото: © Pixabay.com 27.12.2023 20:28 1075

Қазақстанда шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі 11,3% өсті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың қаңтар-қараша айларында заттай түрде 97,5 мың тонна шоколад және шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнім өндірілді, 2022 жылдың тиісті кезеңінде аталған өнімнің өндіріс көлемі 9,9 мың тоннаға аз болған.

Өткен жылдың 11 айында барлығы 87,6 мың тонна шоколад және кондитерлік өнім өндірілген. Осылайша өндіріс өткен жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 11,3% өсті.

Айта кетейік, импортталатын шоколад өнімдерінің үлес салмағы биылғы 10 айда 52,8%.

10 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 155,9 мың тонна шоколад пен кондитер өнімі сатылды. Бұл ретте экспортқа 30 мың тонна тәтті өнім жөнелтілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға