Жаңалықтар

Шипажайға жалған жолдама сатқан алаяқ ұсталды

Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті
Шипажайға жалған жолдама сатқан алаяқ ұсталды
Фото: polisia.kz 09.12.2022 16:23 878

Шипажайға жалған жолдама ұсынып, 12 шымкенттікті алдаған алаяқ Алматыдан ұсталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Сайрам аудандық полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданады. Әйелдің айтуынша, ол жалған жарнамаға алданып қалған. Ақсукент ауылындағы шипажайлардың біріне 10 күнге демалысқа шақырған хабарландыруға сеніп, 100 мың теңге аударған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Сайрам аудандық тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қажетті іздестіру шаралары жүзеге асырылды. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Жедел уәкілдер жасырынып жүрген күдіктіні Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстап, полицияға жеткізді. Ол Төлеби ауданының тұрғыны, бұрын алаяқтық дерегімен сотты болған жас қыз болып шықты.

Белгілі болғанындай, күдікті жалған жарнама арқылы Шымкенттің 12 тұрғынын алдаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға