Жаңалықтар

Әшімбаев жақында өтетін діндер съезінің маңыздылығын атады

Келіссөз кезінде елорда тұрғындарының қалыпты өміріне кедергі келтірмеу үшін барлық жағдай жасалады.
Әшімбаев жақында өтетін діндер съезінің маңыздылығын атады
Фото: ашық дереккөзден 25.08.2022 08:39 1079

Қыркүйекте өтетін әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезіне 100-ден аса белді делегат жиналады. Осылайша биылғы жиын осыған дейін өткізілген келіссөздердің арасындағы ең ауқымдысы болмақ, деп хабарлайды EL.KZ Хабар-24 арнасына сілтеме жасап.

Шараға әлемнің назары түгел ауғаны тегін емес. Осы жылдардың ішінде рухани көшбасшылардың кеңесі халықаралық аренаның маңызды алаңына айналды. 

Хабар-24 арнасына сұхбат берген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай дейді. 

Айтуынша, мұндай шаралар дін өкілдері арасындағы байланысты арттырып, өзекті мәселелерді талқылауға ықпал етеді. Әлемді әбігерге салған терроризм, экстремизм және әскери қақтығыстарды азайтудың жолын бірігіп іздеуге мүмкіндік береді. Келіссөз кезінде елорда тұрғындарының қалыпты өміріне кедергі келтірмеу үшін барлық жағдай жасалады. Ал съезде қабылданған декларация халықаралық ұйымдарға жіберіледі. 

Әлемдік геосаясат ушығып тұр. Осыған байланысты жетінші съезге көптің назары ауып отыр. Рим папасы Франциск те қатысады. Бұл айтулы оқиға деуге болады. Сонымен қатар "Аль азхар" университетінің жоғарғы имамы Ахмад Тайб келеді. Ол да Ислам қоғамындағы көрнекті тұлғалардың бірі. Буддизм, индуизм, даосизм және басқа да дін өкілдері жиналады. Бұл съезде өте өзекті тақырыптар қозғалатынын білдіреді - дейді Мәулен Әшімбаев.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға