
Шілдеден бастап нан мен майдың бағасы шарықтайды
18.06.2025 17:01
627
Фото: pexels.com
Қазақстанда 1 шілдеден кейбір тауарлардың бағасы күрт көтеріледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Finratings.kz порталының мәліметінше, негізгі өзгерістер май мен нанға әсер етеді.
- Ұн: бидайдың базалық бағасы 96,65 тг/келіден 139,81 тг/келіге (+45%) дейін көтеріледі.
- Күнбағыс майы: баға 61,2%-ға өсіп, минимумы 594,04 тг/л болады. Бұл майдың қымбаттауы майонез, қуырылған картоп, омлет сияқты тағамдардың бағасына әсер етеді.
- нан ашытқыларының да бағасы өзгереді, нақты мөлшері әлі жарияланбады.
- Алкоголь өнімдері: коньяк – 21,5% көтеріліп, 3282,97 тг/л, спирттік ішімдік – 6,4%-ға өсіп, 1136,16 тг/л құрайды..
- Жұмыртқа бағасы керісінше, төмендейтін болады — 39,38‑ден 37,8 тг/данаға дейін.
Министрлік бұл шешімді контрафактіге қарсы тұру және нарықты реттеу мақсатында қабылдаған.
Бұған дейін әлем бойынша қымбаттаған тауарлар тізімін ұсынған едік.
12 Маусым, 18:09
«Жоғалған бала. Жаураған ана. Үйі суға кеткен халық»: жастарды ерікті болуға не итермелейді
5 Маусым, 15:18
Рәміздер күні қалай аталып өтті?