Жаңалықтар

Шикі мұнайға арналған экспорттық кеден бажы бойынша жоспар орындалмады

Шығыстарды таза игеру 99,6 пайызды құрайды деп айтуға толық негіз бар
Шикі мұнайға арналған экспорттық кеден бажы бойынша жоспар орындалмады
Фото: inbusiness.kz 11.01.2023 10:02 1324

Өткен жылы кіріс бойынша мемлекеттік бюджетке 15 трлн. 668 млрд.теңге қаражат түскен. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі баяндады деп, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Республиканың бюджеттің атқарылуы туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылдың қорытындысы бойынша кірістер бойынша мемлекеттік бюджетке трансферттерді есепке алмағанда 15 трлн.668 млрд.сомасында қаражат түскенін айтты.

«Республикалық бюджетке 10 жарым трлн. теңге кіріс түсті. Кірістер бойынша жоспар 309 млрд. теңгеге артығымен орындалды. Оның ішінде салықтар 210 млрд.теңге, салықтық емес түсімдер 94 млрд. теңгеден асты. Қосылған құн салығы бойынша жоспардың асыра орындалуына сату бойынша айналымның 28 пайызға өсуі және үшінші елдерден импорт көлемінің 36 пайызға немесе 7,4 млрд.долларға өсуі әсер етті», – деді.

Шикі мұнайға арналған экспорттық кеден бажы бойынша жоспар орындалмады. Оған есептік кезең ішінде іш жүзінде қалыптасқан экспорттық бажы мөлшерлемесінің болжамды көрсеткішінен 4 пайызға төмендеуі әсер еткенін тілге тиек етті.

«Жергілікті бюджеттің кірістері 107.3 пайызға және 5,2 трлн.теңгені құрады. Жоспар 354 млрд.теңгеге асыра орындалды. Кірістер бойынша жоспарлар Маңғыстау облысынан басқа барлық өңірлер асыра орындағанын атап өткім келеді. Бұл ретте түсімдердің барлық түрлері бойынша өсім бар», – деді ол.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98 центке, республикалық бюджеттің шығыстары 98,6 пайызға, жергілікті бюджеттің шығыстары 96,4 пайызға қайтарылған.

«Республикалық бюджет бойынша 18 жарым трлн.теңге сома шамасында шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 263 млрд.теңгені құрады. Оның ішінде 175 млрд.теңге үкіметтің бөлінбеген резерві болса, 7 млрд. теңге үнемдеу болып саналады. Бұл шығыстар бюджет кодексіне сәйкес игерілмеген қаражат болып есептелмейді. Сол себепті шығыстарды таза игеру 99,6 пайызды құрайды деп айтуға толық негіз бар. Игерілмегені 81 млрд.теңге», – деді қаржы министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға