Жаңалықтар

Шетте жүрген жастарымызға сол елдердегі қандас кәсіпкерлер қолдау көрсетуі керек – Исламбек Салжанов

Шетте жүрген жастарымызға сол елдердегі қандас кәсіпкерлер қолдау көрсетуі керек – Исламбек Салжанов
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 11.10.2023 17:51 851

Кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры» қамқорлық кеңесінің төрағасы, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов қандастардың бастамаларын қолдау мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қай жерде жүрсем де қазақтарды іздеп жүремін. «Кім бар? Не істеп жатыр?» деп. Кәсіпкерлердің арасында да іздеп жүремін, басын қосып жүремін. Біздің басымызды қосатын сұрақ «Біз елімізді қалай дамытамыз?» деген сауал болуы керек. «Елім, жерім» дейтін әлемнің түкпір-түкпіріндегі қазақ кәсіпкерлер бірігіп, көп мәселені шешуге болады. Шетелдерде тұрып жатқан жастарымызды, технология, ілім-білімді елге тартуымыз керек. Шетте жүрген жастарымызға сол елдердегі қандас кәсіпкерлер қолдау көрсетуі керек. Қазақ кәсіпкер қазақ диаспорасына көмектесуі керек, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға