«Шетелге жұмыс іздеп кетудің қажеті жоқ»: Чебатков пен Лебедев Қазақстандағы мүмкіндік туралы

«Шетелге жұмыс іздеп кетудің қажеті жоқ»: Чебатков пен Лебедев Қазақстандағы мүмкіндік туралы
Фото: El.kz архиві

Қазақстандық стендап-комик Евгений Чебатков пен ресейлік дизайнер Артемий Лебедев Қазақстандағы өмір, табыс деңгейі және ел тұрғындары үшін ашылып жатқан мүмкіндіктер туралы пікір алмасты.

Naturator YouTube арнасындағы әңгіме барысында олар еңбек миграциясы тақырыбына тоқталып, қазақстандықтардың жұмыс іздеп шетелге жаппай кетуге мұқтаж емес екенін айтты.

Қазақстаннан шыққан адам басқа елге барып, кафель төсеп жұмыс істемейді, – деген пікір айтылды.

Лебедев пен Чебатков Қазақстандағы өмір сүру деңгейін өңірдегі басқа мемлекеттермен салыстырып, ел ішінде еңбек етуге және өз кәсібін дамытуға мүмкіндік көбейіп келе жатқанын атап өтті. Олардың пікірінше, Қазақстанда жақсы табыс табуға барлық жағдай жасалған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Qara Today | Новости Казахстана 🇰🇿 (@qara_today)

Евгений Чебатков кім?

Евгений Чебатков – Қазақстанда дүниеге келген стендап-комик, тележүргізуші және актер. Ол стендап жанрындағы өнерімен кеңінен танылып, кейін Ресейдегі танымал комедиялық жобаларға қатысты. Чебатков өз шығармашылығында Қазақстандағы балалық шағы, екі елдегі өмір ерекшеліктері және мәдени айырмашылықтар туралы жиі әзілдейді.

Айта кетейік, ішкі экономиканы дамыту және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға жағдай жасау Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік саясатындағы басым бағыттардың бірі саналады. Осы тұрғыдан алғанда, соңғы жылдардағы өзгерістерді елде жүргізіліп жатқан реформалар мен Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған саясат аясында қарастыруға болады.

Оқи отырыңыз