Жаңалықтар

Шетелге шыққанда телефон құрылғыны қалай қосуға болады?

Шетелге шыққанда телефон құрылғыны қалай қосуға болады?
Фото: Pixabay.com 25.04.2023 12:06 911

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкіметтің кулуарында шет мемлекетке шыққанда телефон жұмыс істеу үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.    

Ол журналистерге берген сұхбатында өзге мемлекетке барғанда арнайы мерзім ішінде өз құрылғыңызды пайдаланғыңыз келсе, бір операторға жүгініп телефоныңызды тіркеу керектігін айтты. Яғни, сол мемлекетте телефон құрылғыңыз жұмыс істеу үшін арнайы тіркеуден өту қажет болады. 

Бүгінгі таңда заң жобасы әзірленіп жатыр. Өзіңіз пайдалану үшін басқа елден әкелген құрылғыны қосқыңыз келсе, операторға жүгінесіз. Оператор телефон кодын сол базаның ішінде тіркей алады. Бірақ сіздің құрылғыңыз сұр схема арқылы әкелінген болса немесе Қытай өндірушілерінен алынған болса, онда коды болмай басқа біреуге тиесілі болса, база арқылы көрініп тұрады. Сондықтан сұр схемалары арқылы сатып алынбаған телефон тіркеуден өткізіледі,  - дед Бағдат Мусин. 

Сондай-ақ, министр 2018-2021 жылдары жасалынған бағдарлама аясында интернет желілері оптика бойынша 1247 елдімекенге дейін жеткізілгенін айтты. Бірақ сол елді мекеннің ішіне тек қана аурухана және мектеп, басқа да әкімдік қосылған екен. 

Ал басқа адамдар бұл жүйеге қосылам десе, ол арнайы қомақты қаржыны операторға төлеу қажет болған. Осы олқылықты жою үшін арнайы бір жоба әзірледік. Кішігірім ауылдардың ішінде желілерді татам деген кәсіпкерлерге біз субсидия береміз. Яғни, мемлекет оған қайта инвестиция құйады. Ал құйған инвестицияға қайта төлеу механизімін жасаймыз. Кәсіпкер ауылға барып инвестиция құйса, оған шығын болып табылады. Біз ол шығынды өтейміз. Ал кәсіпкер сапалы байланыс қызметін береді, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға