Атақты араб-израильдік блогер Нусейра Ясиннің шығармашылық тобы Алматының символына айналған алма туралы бейнеролик түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Nas Daily арнасы түрлі елдердің мәдени ерекшелігі жайлы сыр шертіп, әлем бойынша туристер баруға тиіс бірегей орындарды көрсетеді. Оның YouTube, Instagram @nasdaily, TikTok-тағы жалпы аудиториясы 60 миллион адамнан асады.
Nas Daily ұжымы барлығы бес ролик түсірген, соның төртеуі Алматыға, біреуі Астанаға арналған. Туынды Алматы мен Қазақстанның мәдениеті, тарихы және басқа да ерекшеліктеріне арналған.
Жүргізушілер Қазақстанға жасаған сапардан алған әсерімен бөлісіп, ұлттық тағам, салт-дәстүр, қонақжайлылық пен тамылжыған табиғат жайлы айтқан. Әрі туристерге Алматыға міндетті түрде келуге кеңес берді.
Шетелдік блогерлер Алматы туралы бейнеролик түсірді
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгiн, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік