Жаңалықтар

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру аяқталуға жақын

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру аяқталуға жақын
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 26.06.2023 11:52 1453

Шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына санаулы күндер қалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз брифингінде айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиевтің айтуынша, заңдастыру күндері аяқталып келе жатқанына байланысты ХҚКО-ға азаматтар жаппай өздерінің көліктерін заңдастыру үшін жүгініп жатқанын тілге тиек етті.

Әсіресе соңғы 10 күн ішінде мегаполистер Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ХҚКО-ға келушілер саны көп екені байқалады. Осыған орай біз ХҚКО жұмысын ұзарттық. Яғни дүйсенбіден жұма күнгі аралығында сағат кешкі сағат 19:30-ға дейін, сондай-ақ дайын құжаттарды беру уақыты 20:30-ға дейін ұзартылды. Сонымен қатар сенбі күні де жұмыс күні сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді, – деді инспектор Алтынбек Жамалиев.

Сондай-ақ ол көлік құралын заңдастыру белгілі бір уақытты талап ететіндігін айтты. Бірінші шілдеге дейін үлгерген азаматтардың өтініші әрі қарай қарала бермек.

Сол себепті сіздерді сабырлыққа шақырамыз. Уақыт әлі бар. Бүгінгі күні Ресей және Еуроодақтың кез келген елінен әкелінген көлік құралдарын қандай да бір себептермен шеше алмай және есепке қоя алмай жатсаңыздар, ІІМ есепке қою амалын тауып, 1 шілдеден бастап ол көліктерге өтініш қабылдау жұмыстары басталады, – деді ол.

Яғни 1 шілде күні осы заңдастыруға өтініштерді қабылдау тоқтатылады. Осы уақытқа дейін өтініштерді беріп үлгерген азаматтардың өтініштері әрі қарай қаралып, тіркеу амалдарын жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға