Жаңалықтар

Шетелден Қазақстанға келетін үш банктің бірі ресейлік болуы мүмкін бе?

Шетелден Қазақстанға келетін үш банктің бірі ресейлік болуы мүмкін бе?
Фото: © El.kz 09.11.2023 13:29 1616

Ақорданың кулуарында журналистер Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан Қазақстанға шетелден келетін үш банктің бірі ресейлік болуы мүмкін бе екенін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда Ресейдің тарапынан жаңа инвестор бойынша ұсыныс түскен жоқ. Ал қазіргі таңда ең бірінші сатылымға шығатын банк «Береке» банк. Бұл банкті бүгінде Катар инвесторлары қарап жатыр. Басқа банктерді әкелуге біз Ұлттық банк пен бірлесіп осындай жұмыс бстадық. Оның ішінде Еуропа Одағынан, Азиядан банктерді қарап жатырмыз. Нақты ұсыныс түскен банк - «Береке» банкі, - дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Оның сөзінше, шетелден келетін үш банк бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр және қандай банктер болатыны да қарастырылуда.

Бұл жерде бірнеше факторды есте сақтау қажет. Біріншіден бізге келетін шетелдік инвестормен сауда-экономикалық ынтықмақтастық бойынша бір потенциал болу қажет. Сол себепті қай мемлекеттермен жақсы қарым-қатынас бар соларды бірінші қарастырамыз, - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін шетелден елімізге үш банк келетіні жайында айтылған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға