Жаңалықтар

Шетелден қайтарылған активтер қайда жұмсалады?

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты
Шетелден қайтарылған активтер қайда жұмсалады?
Фото: 7kun.kz 26.11.2022 11:39 1092

Үкімет шетелге заңсыз шығарылған капиталды қайтару үшін қажетті заң жобасын әзірлейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президентті ұлықтау рәсімінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Біз әділдікті қалпына келтіріп, елден заңсыз шығарылған барлық активті қайтаруға тиіспіз. Бұл үшін Үкімет заңсыз шығарылған капиталды қайтару үшін қажетті рәсімдерді реттейтін заң жобасын әзірлейді. Сонымен қатар заң жобасы әділетсіз баюға және активтерді заңсыз шығаруға ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюға бағытталады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге, Президент қайтарылған барлық қаражат азаматтардың игілігіне жұмсалуы қажеттігін баса айтты.

«Бұл қаржыны жоғары технологиялы өндіріс орындарын ашуға, мектептер мен ауруханалар салуға, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға пайдалану керек. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қоямын. Жақын арада ауқатты кәсіпкерлер халықтың игілігі үшін өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін жандандырады деп ойлаймын», - деді Қ. Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға