Жаңалықтар

Шетелден әкелінген көліктер техникалық тексеруден өте алады

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлайды
Шетелден әкелінген көліктер техникалық тексеруден өте алады
Фото: polisia.kz 27.01.2023 15:47 888

Шетелдік автокөлік құралдарының иелері немесе жүргізушілері 1815 техникалық тексеру орталықтың кез келгенінен міндетті техникалық байқаудан өте алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Аталған орталықтардың мекенжайлары мен жұмыс уақыты miid@miid.gov.kz («құжаттар» бөлімінде) сайттының тізімінде көрсетілген.

Айта кетейік, 23 қаңтардан бастап елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру іс-шарасы жүріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға